Қазіргі төтенше жағдай кезінде мектеп жасындағы балалардың үйде – карантинде болуына байланысты олардың қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу қажет, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Балаларға үйде жалғыз қалғанда отпен ойнамауға кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып беріңіз. Сіріңке баланың қолы жете бермейтін орындарда сақталғаны дұрыс. Мейілінше электр құралдары токтан ажыратылып, газ плитасының сөніп тұрғанын ұдайы қадағалаңыз. Бұдан басқа үйдегі терезелердің жабық тұрғанын қадағалаған маңызды.
Сондай-ақ:
– балалардың гигиенасына назар аударыңыз. Көшеден келген соң сырт киімін ауыстырып, қолын мұқият жуғанын қадағалаған жөн.
– 18 жасқа толмаған балаларға үйден өз бетімен, ересек адамдарсыз шығуға болмайтынын да ескеріңіз.
Әрбір адам өз баласының қауіпсіздігі үшін жауап беретінін түсінуге тиіс. Барлық бала қауіпсіздік ережелерімен танысуы шарт. Ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.