Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болған науқастың жағдайы ауыр болған

Жарияланды
70 жастағы адам

Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болған науқас 1950 жылы туылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 

11 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен провизорлық стационарға ауыр халде жеткізілді. Осыған байланысты шұғыл ранимация бөліміне жатқызылды.

Науқас келіп түскен сәттен бастап бар аурулардың салдарынан үдемелі нашарлауы байқалды. Қосымша диагноздары: аорто-коронарлық шунттау, ЖИА, артериялық гипертензия, қант диабеті.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, полиоргандық, яғни тыныс алу, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінің белгілері өскен.

Қарқынды терапияға қарамастан, 2020 жылдың 13 сәуірінде сағат 22:20-де жүрек қызметі тоқтады. Реанимациялық іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, 23:40 минутта биологиялық өлім анықталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз