Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда экспресс тестілеуден өткен 61 адам ауруханада

Полимеразды-тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясына сараптама алынды

9-13 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 4 766 адамға коронавирус инфекциясына байланысты экспресс тестілеу жүргізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«9-13 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 4 766 адамға коронавирус инфекциясына байланысты экспресс тестілеу жүргізілді. Оның 61 жағдайында немесе 1,2% тестілеу оң нәтиже көрсетті», – деді басқарма басшысы.

Бұл адамдарды толық тексеру үшін провизорлық стационарға жатқызылды.

Полимеразды-тізбекті реакция әдісімен коронавирус инфекциясына тексеру жүргізіледі. Қазір 30 адам теріс нәтижемен ауруханадан шығарылды.