2,4 млн-нан астам адамға 42 500 теңге тағайындалды
2 461 653 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
ТЖ кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 4 701 179 азаматтан барлығы 6 млн 37 мың 660 өтініш келіп түсті.
Осылайша, 1 336 481 қайталанатын өтінім тіркелді.
Ең көп түскен өтініштер:
Алматы облысы – 600 953;
Алматы қ. – 583 981;
Түркістан облысы – 577 885;
Нұр-Сұлтан қ. – 376 860;
Шымкент қ. – 308 981.
Өңірлер бойынша келесі облыстардың тұрғындарына жәрдемақы ең көп тағайындалған:
Алматы облысы – 374 734;
Түркістан облысы – 272 126;
Алматы қ. – 265 811;
Нұр-Сұлтан қ. – 282 215;
Жамбыл облысында – 161 745.
Деректерді тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.