Жаңалықтар

Қанша қазақстандық несиелік демалыс алуға құқылы

Бірінші несие бюросы қарыз алушының статусын тексеретін порталды іске қосты

Қазақстанда арнайы санаттағы 1,5 миллионға жуық қарыз алушы несие демалысын алуға құқылы. Бұл туралы Бірінші несие бюросы хабарлайды.

16 наурыздағы жағдай бойынша 1,5 миллионға жуық қазақстандықта банктерде, ломбардтар / авто ломбардтарда, электронды микрокредиттік серіктестіктерде және басқа қаржылық ұйымдарда несиелері бар.

«Бірінші несие бюросы пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бір апта ішінде онлайн режимін (API), нұсқаулық режимін (БНБ веб-интерфейсі) әрі қарыз алушының арнайы санатының мәртебесін тексерудің ақысыз қызметін іске қосты», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бірінші несие бюросы сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен есептік тіркеу ала алмаған және несиелік бюромен жұмыс жасамаған компаниялар шетте қалмайтындығын атап өтті. Олардың басым бөлігі ломбардтар. БКБ несие берушілердің осы сегменті үшін susn.1cb.kz арнайы портал жасады. Осы арқылы несие бюросымен жұмыс жасамайтын ұйымдардан қарыз алушының жағдайын тексере алады.