Қытай коронавирусқа қарсы үш вакцинаны сынақтан өткізді
Қытай коронавирусқа қарсы бірнеше вакцинаны сынақтан өткізе бастады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
COVID-19-ға қарсы үш вакцина клиникалық сынақ жасау үшін мақұлданды. Олардың екеуінің белсенділігі төмендетілген. Вакцинаны әзірлеу бес бағытта жүргізіледі. Әрбір препарат клиникалық зерттеудің үш кезеңінен өтуі керек және осыдан кейін ғана оны кеңінен қолдануға болады.
«Аденовирустық вектор негізінде жасалған ең алғашқы вакцина тестілеудің екінші кезеңінен өтуде. Бұл вакцинаны зерттеудің екінші кезеңіне көшкен әлемдегі алғашқы жағдай. 12 және 13 сәуірде дәрі-дәрмектер айналымын бақылау жөніндегі мемлекеттік басқарма екі түрлі зертханада әзірленген тағы да екі белсенділігі төмендетілген вакцинаны сынауды мақұлдады»,- дейді ҚХР Ғылым және техника министрлігі департаментінің директоры У. Юаньбинь.