Әлемде CОVID-19 әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ

Жарияланды
ДДҰ жаңа мәліметтер жариялады

Әлемде CОVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары өсімінің қысқаруына қарамастан, ДДҰ әлем елдерінің коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегіне әлі жетпегенін мәлімдейді.  Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Еуропаның кейбір елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары азайып келе жатқанына қарамастан, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырудың шарықтау шыңына жеттік деп айтуға әлі де ерте деп есептейді.  

«Коронавирусты жұқтырғандардың 90%-ы Еуропа мен АҚШ-та тіркелген. Сондықтан біз әлі вирусты жұқтырудың шыңын байқап отырған жоқпыз», — деді ДДҰ спикері Маргарет Харрис. 
 
 

Сондай-ақ оқыңыз