Түркия парламенті SARS-CoV-2 коронавирустың таралуына байланысты шамамен 90 мың тұтқынның босатылуын қарастыратын заң жобасын қабылдады. Құжатты 279 депутат қолдады. Ал бұл заңға 51 депутат қарсы болды, деп жазады Deutsche Welle.
Құқық қорғаушылар мен белсенділер Түркия билігін рақымшылықтың саяси тұтқындарға әсер етпейтінін сынға алады. Осылайша, PEN Club халықаралық ұйымы Түркиядағы көптеген түрмелердегі гигиенаның нашарлығын айтып, түрмеде отырған журналистер мен құқық қорғаушыларды босатуға шақырды.
Парламенттік дауыс беруден бірнеше сағат бұрын Әділет министрі Абдулхамит Гүл жаңа коронавирус диагнозы табылған үш тұтқынның қайтыс болғанын хабарлады.
Түркияда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 61.049 адамда анықталды. 1296 науқас қайтыс болды. 3957 адам жазылды. Билік вирустың таралуын тежейтін қатаң шектеулер енгізді.