Қазақстанның 928 ауылы жыл соңына дейін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды.
Қазіргі таңда интернет желісіне барлық жерде жүктеме артып жатыр. Мәселен, 60%-дан астамы стримингтік телевизия мен видео қызметтеріне келеді. Бүгінде Қазақстанда интернеттің үздіксіз жұмыс істеуі үшін 18 дата-орталық жұмыс істейді.