Алматыда тәулігіне мыңға жуық тест жүргізіледі
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қ. Надыров Алматы қаласының лабораториялық қызметінен үлгі алуға болады деп мәлімдеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров мегаполистегі зертханалар жұмысының нәтижелігін атап өтті.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың тапсырмасы бойынша аумақтарда мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мониторингтің мақсаты – мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің тапсырмаларының медициналық ұйымдарда орындалуын бағалау және бақылау.
«Бүгінгі таңда ел аумағында 5-6 мыңға жуық тест жүргізіледі. Осы орайда Алматы қаласындағы зертханалық қызметтің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қазіргі таңда олардың қызметін үлгі тұтарлық десек болады. Алматыда мыңға жуық тесттер жүргізіледі. Бұл – зертхананың жұмысына және осы шараға қатысатын медицина қызметкерлеріне ауыр жүктеме», – деді Қ. Надыров.