Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жиында, Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының таралуына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы айта келе, елімізде вирусты жұқтырудың шарықтау шегі жақындап келе жатқанын мәлідеді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Вирусты жұқтыру деңгейі қазір 100 мың адамға шаққанда 7 адамды құрайды.
Осыған байланысты, карантиннен басқа, елді мекендердің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған және вирусты жұқтыру қаупі жоғары жерде жүрген адамдарға ауқымды скрининг жасау қолға алынды. Тестілеу 10 сәуірде басталды және 20 сәуірге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар, емханалар мен ауруханалардағы медицина қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен көмек көрсетеді.