Жаңалықтар

Еліміздің 11 өңірінде арнайы терапия  орталықтары құрылады

Ол  ауыр науқастарға арналған

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен еліміздің 11 өңірінде COVID-19 вирусын жұқтырған жағдайы ауыр науқастарға медициналық көмек көрсету үшін қарқынды терапия жасайтын өңірлік орталықтар құрылуда. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.

Төтенше жағдай режимінде науқастарды республикалық медициналық ұйымдарға тасымалдау туралы министрдің бұйрығы бекітілді. Онда емдеуге жатқызу мен тасымалдаудың нақты алгоритмі жазылған.