Қарағанды қаласына Қытайлық дәрігерлер келді

Жарияланды
 Олар короновирусты  диагностикалау әдістерін үйретеді

ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметінше, Қарағанды қаласына Қытайлық дәрігерлер келді. Шетелдік сарапшылар 19 сәуірге дейін сол жақта болады. 

Қытай мамандары Қарағандылық дәрігерлер мен медбикелерге  COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша онлайн тренингтер өткізеді. Жағдайы ауыр науқастарды емдеу тәжірибесімен бөліседі. Медициналық ұйымдарда инфекцияның таралуына жол бермеу  тәсілдерін, короновирусты  диагностикалау әдістерін үйретеді.

Сондай-ақ, қытайлық сарапшылар Қарағанды медицина университетінің молекулярлық-генетикалық зертханасына барады. Онда жұқпалы аурулардың молекулярлық және генетикалық эпидемиологиясы, оның ішінде коронавирустық инфекция мәселелерін талқылайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз