ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметінше, Қарағанды қаласына Қытайлық дәрігерлер келді. Шетелдік сарапшылар 19 сәуірге дейін сол жақта болады.
⠀
Қытай мамандары Қарағандылық дәрігерлер мен медбикелерге COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша онлайн тренингтер өткізеді. Жағдайы ауыр науқастарды емдеу тәжірибесімен бөліседі. Медициналық ұйымдарда инфекцияның таралуына жол бермеу тәсілдерін, короновирусты диагностикалау әдістерін үйретеді.
⠀
Сондай-ақ, қытайлық сарапшылар Қарағанды медицина университетінің молекулярлық-генетикалық зертханасына барады. Онда жұқпалы аурулардың молекулярлық және генетикалық эпидемиологиясы, оның ішінде коронавирустық инфекция мәселелерін талқылайды.