Жаңалықтар

 Қарттар үйіне арнап сотталушылар  200 дана бетперде тікті

Олар қарияларға сыйластық танытуда  

  Өскемен қаласында жазасын өтеп жатқандар қарттар үйіне арнап 200 дана бетперде тікті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

ОВ-156/20 РММ-де жазасын өтеп жатқан сотталған Сергей темір тордың аржағында отырса да, асыл қазынамыз қарттарымызға көмек қолын созу өзінің азаматтық борышы деп біледі. Сергей «Еңбек Өскемен» тігін цехында тігінші болып жұмыс істейді. 

Өскемен қаласында орналасқан «Забота» қарттар үйіне арнап 200 дана бетперде тікті.

 «Қорғаныс бетперделерді тігу үшін барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етіп, осындай мүмкіндік бергені үшін мекеме әкімшілігімен “Еңбек – Өскемен» Республикалық мемлекеттік өндірісінің директорына алғысым шексіз және де елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығымен тыныштығын ту ету, тек лауазымды адамдардың ғана жұмысы емес, бұл баршамыздың азаматтық парызымыз” – дейді Сергей.