Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін өңірлерде, атап айтқанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тасқынға қарсы жедел штабтар жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР ІІІМ Төтенше жағдай комитетінің қызметі хабарлайды.
14 сәуірден бері Ақмола облысы, Астрахан ауданы Старый Колутон ауылының маңында орналасқан Қалқұтан өзенінде су деңгейінің төмендегені байқалады (сыни деңгей – 3,48 м, нақты – 3,86 м). ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күші мен құралдарынан жасақталған, құрамында 12 адам, 5 бірлік техника, 2 жүзу құралы бар топ аула маңындағы аумақтардан 710 текше метр суды сорғызып, өзен суы деңгейіне мониторинг жүргізген.
Сонымен қатар Жабай өзеніндегі су деңгейі 50 см төмендегені байқалады ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың құрамында 15 адам, 9 бірлік техника, 1 жүзу құралы бар топ өзендегі су деңгейін бақылап, мониторинг жүргізді.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында реттелмейтін Сергеев су қоймасы орналасқан, оның нақты көлемі 883,7 млн. текше метрді құрайды. Көктемгі су тасқынына байланысты 2 сәуірден бастап Есіл өзені жайылмасының төменгі жағында орналасқан осы гидротехникалық құрылыстан су құйылып жатыр. Ең жоғары көрсеткіш 11 сәуірде 195 см жетті. Осы күннен бастап су құйылу деңгейінің біртіндеп төмендегені байқалады, 16 сәуірдегі жағдай бойынша ол 153 см құрады.
Петропавл су қоймасының нақты көлемі 28,12 млн. текше метр, тасқын суы осы гидротехникалық құрылыс арқылы транзиттік режимде өтеді. Облыстың барлық гидротехникалық құрылыстары штаттық режимде жұмыс істейді. МТҚ-да тәулік бойы «Қазсушар» РМК мамандары, полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Бұл объектілер жергілікті атқарушы және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрақты бақылауында.
Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі мақсатында ТЖК аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еліміздің су тасқыны қаупі бар аймақтарында тәулік бойы мониторинг жүргізу және тасқын судың алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды, бұл су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстарға өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, облыстық ТЖД-ның инспекторлары меәне жеке құрамы жұмылдырылады, олар тәулік бойы кезекшілік етіп, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар су тасқыны кезеңінің басынан бері 163,855 шақырым қорғау бөгеттеріне құрылыс-жөндеу жұмыстары, 422 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету және түзету, сондай-ақ 192,4 шақырым су бұру арналарын орнату, мұзды қопсыту бойынша жұмыстар жүргізілді, өзендерде 21,566 тонна жарылғыш затты пайдалана отырып, 236 жару жұмысы жүргізілді.