Төтенше жағдай браконьерлерге кедергі емес 

Жарияланды
 Күдіктілерден 190 кг астам бекіре балықтары тәркіленді

Карантин режимі браконьерлерге кедергі емес, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Полиция  қызметкерлері «Браконьер-2020» жедел шарасы кезінде, қаладағы үйлердің бірінің ауласындағы сарайдан жалпы салмағы 180 кг болатын 60 дана және «Нива»автокөлігінен 10 кг астам бекіре балықтары тәркіленді. 

Екі күдікті қалалық ПБ Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Осы деректер бойынша ҚК-тің 339 –бабы «Жануарлардың сирек кездесетін, пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
 

Сондай-ақ оқыңыз