Елімізде 174 адам мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа кірген

Жарияланды
31 мобильді жұмыспен қамту орталығы бар

174 қазақстандық төтенше жағдай кезеңінде Мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

Қазіргі таңда елімізде 31 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.

Олардың 8-і – Нұр-Сұлтан қаласында, 11-і – Алматыда, 10-ы – Шымкент қаласында, 2-уі – Жамбыл облысының Қордай ауданында.

Төтенше жағдай кезінде осы орталықтар арқылы 894 адам жұмысқа орналасуға жіберілді, оның ішінде 174-і жұмысқа тұрды.

Алдағы уақытта жұмысқа орналасқандардың саны артады деп жоспарлануда.

 

Сондай-ақ оқыңыз