174 қазақстандық төтенше жағдай кезеңінде Мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Қазіргі таңда елімізде 31 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.
Олардың 8-і – Нұр-Сұлтан қаласында, 11-і – Алматыда, 10-ы – Шымкент қаласында, 2-уі – Жамбыл облысының Қордай ауданында.
Төтенше жағдай кезінде осы орталықтар арқылы 894 адам жұмысқа орналасуға жіберілді, оның ішінде 174-і жұмысқа тұрды.
Алдағы уақытта жұмысқа орналасқандардың саны артады деп жоспарлануда.