Ескі 500 теңге  айналымнан шығады

Жарияланды
Оның орнына 2017 жылғы үлгідегі банкноттар болады

 Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік қағаз ақшаның айналымнан шығарылатынын еске салады. Оған дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы саналады.  Бұл туралы Tenge online телеграм каналында хабарлады.

2020 жылғы 10 маусымнан кейін:

* банктер12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақшаға айырбастайды.

*Ұлттық Банктің филиалдары банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды.

Орнына 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады.                                     
 

Сондай-ақ оқыңыз