Қарағанды облысында МИГ-31 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.
«2020 жылғы 16 сәуірде Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады», – делінген хабарламада.
Ұшқыштардын жағдайы қалыпты. Ұшақ елі мекеннен алшақ құлаған.
Ұшақ әуеге көтерілген соң қозғалтқыштан от шыққан. Оқиға Қарағанды қаласының әуежайының оңтүстік бөлігінде болды.
Әуе апатының себеп-салдарын анықтау үшін арнай мамандар тексеру жүргізуде.