Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауға кірісті

Жарияланды
Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылданды

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халықты, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі бірқатар жедел шаралар қабылдады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Осы мәселені ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков  Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте айтты.

Спикер коронавирус пандемиясына жол бермей, бизнесті қаржылық жағынан қолдау және қарызға  батып қалмауы үшін дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қабылданғанын атап өтті.

 Агенттік тарапынан барлық қарыз (микрокредит) бойынша төлемдердің мерзімі өтіп кеткені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептеуге тыйым салынды. 

Сондай-ақ, 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығындағы кезеңде банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға негізгі борыш пен сыйақы төлеу тоқтатыла тұрады.

Бұл талаптар барлық екінші деңгейлі банктер, ломбардтар,  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, онлайн-кредит беру компанияларына, кредиттік серіктестіктерге қолданылады, – деді спикер.

Сондай-ақ оқыңыз