Ұлыбритания карантин режимін үш аптаға ұзартты
Жарияланды
Бұл коронавирус індетін қарқынды өсуін тоқтатады
Ұлыбритания коронавирусқа қатысты енгізілген карантин шараларын үш аптаға ұзартты. Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.
Сыртқы істер министр Доминик Раабтың пікірінше, әлсіз шаралар халықтың денсаулығына да, экономикаға да зиян тигізуі мүмкін екен.
Британияда 26 наурызда жарияланған карантин режимі мамыр айының басына дейін ұзартылады. Дегенмен, ел Үкіметі шектеу шараларын тоқтату туралы түпкілікті шешімді бұл вирустың таралу қарқынының өсуіне алып келмейтініне көз жеткізгенде ғана қабылдайды.
Жақында британ ауруханаларында пандемияның салдарынан 861 адам көз жұмды.
Өлім-жітімнің жалпы саны 13 729-ға жетті.