Алматы қаласының  бас санитар дәрігері ауысты

Жарияланды
Жаңа лауазымға Жандарбек Бекшин тағайындалды

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Бұл қызметте Айзат Молдағасымова болған. Осыған дейін  Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері қызметін ұзақ жылдар бойы атқарған еді.
 

Сондай-ақ оқыңыз