Алматыда коммуналдық қызметтерді төлеуде өтемақы кімдерге беріледі

Жарияланды
Екі ай бойы 15 000 теңгеден өтемақы беріледі

Өтемақы алушылар міндетті түрде тұрғын үйдің меншік иесі болуы тиіс.  Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
        
Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес коммуналдық қызметтерге электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, су тарту, газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, қоқыс шығару қызметтері жатады.

Карантин режимі енгізілген өңірлерде белгілі бір санаттағы тұтынушылардың абоненттік шоттарына 2 ай бойы (сәуір, мамыр) 15 000 теңгеден өтемақы жіберіледі.
   
Өтемақы алушылар міндетті түрде тұрғын үйдің меншік иесі болуы тиіс:

 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;

 2) мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

 3) көпбалалы отбасылар;

 4) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген тұлғалар;

 5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға  дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;

 6) төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; 

 7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер. 

 

Ақпараттық жүйелер немесе call-орталық арқылы әкімдікке өтінім беру керек. Жеке сәйкестіндіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дәрежесін және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу бойынша түбіртектегі жеке шот деректері көрсетілуі қажет.

 

Сондай-ақ оқыңыз