Блок-бекеттен айналып өткісі келген 31 адам ұсталды 

Жарияланды
Төтенше жағдай кезінде заң бұзушылық тоқтар емес

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 619 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзушылармен күрес жұмыстарын жалғастыруда.

Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзған 619 адамды анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 590 факт ретінде тіркелсе, 138 адам қамауға алынды. 182 тұрғынға айыппұл салынып, 236 азаматқа ескерту жасалды. Сотқа жіберілген материалдың жалпы саны – 25.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 29 дерек тіркелді. 15 адамға айыппұл салынып, 12 адам қамауға алынды. 

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 31 анықталды. Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. 

Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз