Елімізде 20 әуежай жұмыс істейді
Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Боралдайда. Оның ішінде 15-і мемлекеттік әуежай, 8-і жеке меншік, ал 1-еуі концессияда. Жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үржар, Үшарал, Зайсан) және өндірістік мақсаттағы 1 әуеайлақ (Тенгиз) бар.
17 әуежайдың халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар.
17-сі ИКАО стандарттары бойынша санатталған, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайлары III санат, Атырау әуежайы II санат және басқа әуежайлар I санатта. Бұл оларға әуе кемелерін күрделі метеожағдайларда қабылдауға мүмкіндік береді.
2019 жылы Қазақстан әуежайлары шамамен 17,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті.
Авиациялық нарықтың шамамен 70% Алматы (7,2 млн.жолаушы) және Нұр-Сұлтан (5,1 млн.жолаушы) әуежайларына тиесілі.
Тәуелсіздік жылдары 18 әуежайда ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды, 12 әуежайда-жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жүргізілді.