Қызғалдақты жұлғандар жауапқа тартылды
Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Әлеуметтік желілерде «Төлеби ауданында қызғалдақтарды заңсыз жұлуы мүмкін азаматтарға қатысты полицейлердің заңсыз әрекеттері» туралы бейнежазба тараған.
Түркістан облысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген 120-дан астам сирек кездесетін өсімдік түрлері өседі, олардың 68-і тек облыс аумағында ғана кездеседі. Оның ішінде, ҚР Үкіметінің 31.10.2006 ж. № 1034 қаулысымен «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтары сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер ретінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген.
ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген табиғатта өсетін «Грейг» және «Кауфман» қызғалдақтарын заңсыз жұлу ҚР-ның ҚК-нің 339-бабына сәйкес «сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.