42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауда жеке куәліктің мерзімі өткен жағдайда төлемді бермеу мәселесі қарастырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Сондай-ақ, Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ресми түрде жұмыс істеген зейнеткерлер бұл төлемді алуға құқылы. Тіптен, зейнеткер Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасамаған болса да жәрдемақыны ала алады.