АҚШ билігі КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның денсаулығына байланысты ақпаратты жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды CNN.
Солтүстік Кореяның Мемлекет Кеңесінің Төрағасы 15 сәуірде алғаш рет Кымсусан Күн сарайында өткен Ким Ир Сеннің 108-жылдығына арналған салтанатты шараға қатыспады. Бұл КХДР басшысының денсаулығы жайлы неше түрлі алып-қашпа әңгімелер тудырды.
Осыдан кейін АҚШ-тың барлау қызметі Кимнің хал-жағдайы туралы мәліметтерді зерттей бастады. Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпаратына сәйкес Солтүстік Корея басшысының жүрегіне ота жасалған көрінеді.