Жаңалықтар

Алматыда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 669-ға жетті

Қалада соңғы тәулікте тағы 145 науқас анықталды

Соңғы тәулікте қалада 145 жаңа оқиға тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 

Оның ішінде:

104 жағдай – Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері,
12 – №12 қалалық емхана қызметкерлері,
11 – қазіргі уақытта провизорлық орталықтағы Қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері,
18 – бұрын жұқтырғандармен байланыста болған адамдар.

 

Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 669 адам. Оның 88 жазылып шықты.

 

Пациенттердің жағдайы бойынша:

Екі науқастың жағдайы өте ауыр,
Алтауының жағдайы ауыр,
168 – орташа,
401 – қанағаттанарлық.

 

Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда – 352, үй карантинінде – 9950 адам орналасқан.