ДДСҰ індетке қарсы шектеу шараларын мерзімінен бұрын алып тастамау керек
Жарияланды
Шектеулер кезең-кезеңмен алынуы тиіс
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы күресте енгізілген шектеу шараларын мерзімінен бұрын алып тастамау керек екенін ескертті. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
«COVID-19 вирусымен күресу үшін енгізілген шектеулер кезең-кезеңімен алынуы тиіс, әйтпесе вирустың қайта таралып кетуі әбден мүмкін»,- деді ДДСҰ-ның Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі елдердің аймақтық директоры Такеши Касай.
Сондай-ақ, ол шектеу шаралары пандемиямен күресуде тиімді нәтижесін көрсеткенін және қоғам вакцина дайындалып немесе коронавирус инфекциясынан барынша тиімді емдеу тәсілі табылғанша, жаңа жағдайда өмір сүруге бейімделуі тиіс екенін жеткізді.