Медқызметкерлер және блок-бекетте тұрған полицей қызметкерлері ораза ұстауын кейінге қалдыра алады, деді брифингте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
«Ағайын – туыстың, көршілеріміздің амандығы үшін карантин талаптарын орындаған жөн. Бәрі жақсы кезде бір-бірімізді қонаққа шақыратын боламыз»,- деді Бас мүфти.
Сондай-ақ, ТЖ-ға байланысты әскери режимге ауыстырылған құқық қорғау органдары мен қарулы күштер өкілдері де кейін ораза ұстауына болады.