Жаңалықтар

​»Қазфосфат» аммофос өндірісін жылына қосымша бір миллион тоннаға арттырмақ

Өнімнің 89 пайызы 27 елге экспортталады

​»Қазфосфат» 10:46 маркалы аммофос өндірісін жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Қазфосфат» ЖШС Қазақстанның химия саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Фосфорит кендерін өндіру, өңдеу және байытудан бастап, химиялық өнімнің кең ассортиментін – сары фосфор, оның туындылары мен фосфоры бар тыңайтқыштарға дейін шығарады.

Дайын өнімді алыс және жақын шетелдерге, ЕАЭО елдеріне экспорттайды.

Фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемі 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 76892 тоннадан 393 420 тоннаға дейін өсті. Өсім 5,1 есе құрады.

Бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің жалпы көлемінің 89 пайызы 27-ден астам елге экспортталады, олардың қатарында Еуропа, ТМД, Азия және Америка елдері бар.