НАТО ғалымдары COVID-19 індетін зерттеуге кірісті

Жарияланды
Оған қоса жаңа жабдықтар мен әдістемелерді жасай бастады

НАТО-ның бас ғылыми кеңесшісі Брайан Уэллс коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі бағдарламаның іске қосылғанын жариялады. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

 

Осылайша ол НАТО-мен жұмыс істейтін ғалымдарды альянсқа вирусты анықтау, ақпарат жинауды жақсарту, аумақтар мен ғимараттарды зарарсыздандыру шаралары, қоғамның вирусқа төзімділігін арттыру және пандемиядан кейін қалыпқа келуге жәрдемдесу мүмкіндіктері туралы өз ұсыныстарын жіберуге шақырды.

 

Одан өзге, альянс Франция мен Италиядағы өзінің ғылыми орталықтары арқылы коронавирусқа қарсы күресте пайдасын тигізе алатын жаңа жабдықтар мен әдістемелерді жасау бойынша түрлі ғылыми бағдарламаларды жүргізе бастады.

 

Сондай-ақ оқыңыз