Оңтүстік Кореяда төбелес кезінде 19 Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.
«Оңтүстік Кореядағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біздің дипломаттар аталмыш мәселені бақылауда ұстауда. Жергілікті полициямен және көші-қон қызметімен байланыста жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
ҚР СІМ мәліметі бойынша, 18 сәуір күні Оңтүстік Кореядағы қалалардың бірінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен төбелес болған. Олар ол елде заңсыз жүрген.