Пандемия кеңсе кеңістігіне қойылатын талапты қалай өзгертуі мүмкін?

Жарияланды
Cushman & Wakefield ұсыныстары

Коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы ірі компания – Cushman & Wakefield голландиялық кеңсесі жұмыс кеңістігінің жаңа тұжырымдамасын енгізді.

Оның негізінде «екі метр ережесі» (6-Feet-Office) жатыр, бұл ереже қызметкерлер арасында инфекция таралу қаупін төмендетеді.

1.png.jpg

Иллюстрация: Cushman & Wakefield  

Жаңа тәсіл қызметкерлер мен жұмыс берушілердің қашықтан жұмыс істеуден кейін қауіпсіз кеңсеге тезірек оралуын, жұмыс кеңістігінің әлеуметтік қашықтық жаңа талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

«Әрине, пандемиядан кейінгі әлем бұрынғыдай болмайды. Жаппай жұқтыру қаупі жойылса, біз өз жұмыс орнымызға ораламыз. Болашақта компания қызметкерлері мен тіпті тұтас бөлім ауысыммен немесе қызметкерлердің кеңседе қиылысуын шектейтін кестені сақтай отырып жұмысқа келеді. Шын мәнінде, қазір біз кеңсемізді алдағы уақыттағы жұмысқа даярлауымыз керек»,— деп атап өтті  Cushman & Wakefield бас директоры Сергей Рябокобылко.

«Екі метр ережесі» бірнеше қағиданы қамтиды:

– жеке бас тазалығына жауапкершілікпен қарау, дезинфекция құралдарын пайдалану;

2.png.jpg

– өзара қиылыспайтын ағын құру: кеңседе көрсеткіш (белгі, едендегі бағыттама) бойымен  бір бағытта жүру;

3.png.jpg

– жұмыс үстеліy екі метр қашықтықта орналастыру, әрбір қызметкердің жеке қауіпсіздік шекарасын белгілейтін арнайы белгі салу;

4.png.jpg

– келіссөз бөлмесінде бір-бірінен алысырақ отыру;

5_3.png

– қызметкерлер күн сайын үйге алып кететін дербес ноутбук (пернетақта) пайдалану, жұмыс үстелінің үстіңгі бетіне бір реттік қағаз төсеу.

6_1.jpg

«Бизнестің одан әрі табысты дамуы және қызметкерлерінің денсаулығы, әл-ауқаты компания мен кеңсе ғимараты иеcінің жаңа жағдайды ескере отырып, жұмыс кеңістігін қаншалықты сапалы және тез қайта құрылымдай алуына тікелей байланысты болады», – деп атап өтті  Cushman & Wakefield кеңселік жылжымайтын мүлік департаментінің басшысы әрі әріптесі Наталья Никитина.

 

Сондай-ақ оқыңыз