Шымкентте шұлық фабрикасы жылына 16 млн жұп өнім шығарады

Жарияланды
Өнім Еуропа елдерінің тұтыну нарығына ұсынылды

Шымкенттегі шұлық бұйымдарының фабрикасы жылына шамамен 16 млн. жұп өнім шығарады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

 

Кәсіпорын 2015 жылдың желтоқсанында Индустрияландыру картасы аясында пайдалануға берілді. Жалпы инвестиция көлемі 1 млрд 800 млн теңгені құрайтын өндіріс ошағында 250 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.

 

Фабрика өндірісінің көлемі жылына 16 млн. жұп бұйымды құрайды және шұлық дизайндарының қатары мыңға жетеді. Бүгінде Alemsocks сауда маркасымен танылған дайын өнім Қазақстанның, сондай-ақ ЕАЭО және Еуропа елдерінің тұтыну нарығында ұсынылған.

Оңтүстік Кореядан сатып алынған заманауи технологиялық жабдықтарды пайдалану, өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек өнімділігін ынталандыру отандық және шетелдік нарықта жоғары сұранысқа ие сапалы шұлық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

Технологиялық жабдықтың 250-ге жуық бірлігі 24/7 режимінде тапсырыстармен жүктелген.

Сондай-ақ оқыңыз