Алматы қаласының орталығынан 20-25 шақырым жерде үлкен айналма автомобиль жолы салынады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму минисірлігінің телеграм каналы хабарлады.
Ол Қарасай, Іле және Талғар аудандарының аумақтарына жататын қала маңы аймағында орналасқан.
Тасжол Қырғауылды елді мекеніндегі «Алматы – Ұзынағаш» автомобиль жолымен, Райымбек елді мекенінде «Алматы – Бішкек» , Ақсеңгір бекеті маңында «Бұрындай – Шамалған» ,сондай-ақ, «Алматы – Комсомол», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Байсерке», Құлжа тасжолымен қиылысып, «Алматы – Талғар» автомобиль жолымен қиылыста аяқталады.
Жоба аясында 7 көлік жол айырығы, 20 көпір мен 20 жол өткелі салынатын болды.