«Даму» қоры кәсіпкерлерді қолдауға 37,6 млрд теңге бөлді

Жарияланды
Қор 268 жаңа жобаға қолдау көрсетеді

«Даму» қоры төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері «субсидиялау» құралы бойынша 37,6 млрд теңге сомасына кәсіпкерлердің 268 жаңа жобасына қолдау көрсетті. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. 

 

Сонымен қатар, «кепілдік беру» кәсіпкерлерді қолдау құралы бойынша 120 жаңа жоба қаралды. Бұл жағдайда несие сомасы 7,9 млрд теңгені, кепілдік сомасы 3,4 млрд теңгені құрады.

 

Карантин кезеңінде кеңес алу үшін Қорға келіп түскен өтініштер саны 50%-ға артты.

 

 

Сондай-ақ оқыңыз