Індетті жұқтырғандардың 60%-ында ауру жеңіл түрде өтуде

Жарияланды
 6 науқастың жағдайы аса ауыр 

Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирусты жұқтырғандардың 60%-ында ауру жеңіл және симптомсыз түрде өтіп жатыр. Ал 13%-ында орташа ауырлық дәрежесі белгіленген. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штаб телеграм каналында хабарлады.

21 науқастың жағдайы ауыр, 6 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. COVID-19 елімізде анықталған сәттен бастап қайтыс болған 19 адамның созылмалы аурулары болды. Инфекция ошақтарында 39 585 байланыста болған адам анықталды. Олардың 98%-ы табылып, оқшауланды. Жалпы, Қазақстан бойынша, вирусты жұқтыру өсімі апта ішінде 10% шамасында құбылып тұрды, өткен тәулікте  8%-ды құраған.
 

Сондай-ақ оқыңыз