Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 631-ге жетті
Жарияланды
Науқастар арасында - 162 дәрігер бар
Қырғызстанда 19 науқас коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп 24.kg хабарлайды.
Бұл елде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 631 жетті.
Олардың арасында – 162 дәрігер.
«Егер сіз сауығып кету мен науқастың арасындағы айырмашылықты қарасаңыз, коронавирустың таралу тенденциясы теңестірілді деп айтуға болады. Бұл қуантатын жағдай. Маман ретінде айтарым коронавирус шегіне жеттідеп айта аламын», – деді Қырғызстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев.
Жалпы 302 адам емделіп шыққан.