Жандарбек Бекшин Ораза ұстайтындарға кеңес берді

Жарияланды
Ауыз ашарға үлкен топпен жиналмаған жөн

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Ораза ұстауға ниет етіп жүрген адамдарға кеңес берді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штаб телеграм каналында хабарлады.

Туған-туыстарды шақырып та, үлкен топпен жиналмаған жөн. Намазды әркім тек өз үйінде оқуы тиіс. Ауыз ашар отбасы мүшелеріне ғана берілуі керек. 

Достарға, жақын адамдарға немесе мұқтаж жандарға азық-түлік жіберуге мүмкіндік немесе ниет болса, онда жеткізу қызметінің көмегіне жүгінген жөн немесе өзі апарып беруі керек. Азық-түлік ауа кірмейтін, герметикалық қаптамаларда болуы тиіс.
 

Сондай-ақ оқыңыз