Денсаулық сақтау жүйесіндегі BIG DATA

Жарияланды
Бұл медициналық деректерді бірыңғай жүйеде сақтауға мүмкіндік береді

Медициналық ақпараттық жүйелер өзара коммуникация кезінде алмасатын ақпараттың мағынасын бірдей түсінуді қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Ә. Әбішев «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ережені бекітті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Объектілік сәйкестендіргіш – бұл объектілерді әлемдік мекенжай кеңістігінде сәйкестендіретін ақпараттық жүйенің объектісімен байланысты цифрлардың бірегей жиынтығы.

Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің объектілерін ISO 9834 халықаралық стандартының талаптарына сай тіркеудің иерархиялық құрылымын, атап айтқанда, объектілік сәйкестендіргішті тіркеу, жүргізу, пайдалану рәсімін реттейді.

Ұсынылған жаңа ереже бір платформада медициналық деректерді бірыңғай орталықтандырылған жүйеде сақтауға мүмкіндік береді. Яғни, бұл үлкен деректерді қосымша өңдеусіз алмасуға жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыз