Жаңалықтар

ЕО пандемиядан кейін триллион қорын құрмақ

Ол экономиканы қалпына келтіру үшін жасалмақ

Еуропалық Одақ коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құрмақ. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

ЕО көшбасшылары бейне байланыс арқылы пандемиямен күреске арналған саммит өткізді. Олар коронавирус індетінен аса зардап шеккен елдерге және еуропалық компанияларға көмек көрсету үшін арнайы қор құруға шешім қабылдады. 

 

Қор алдағы екі ай ішінде құрылуы керек.

 

ЕО-да шамамен 1,5 трлн еуро жиналады деп үміттенеді. Осылайша, 1 маусымға қарай кәсіпкерлер мен жұмысшыларға көмек көрсету үшін 540 млрд еуро сомасына несие пакеті дайын болады.