Көлік жолдарының үлесі 100% дейін жеткізіледі
«Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% дейін жеткізіледі» -деді Сайранбек Бармақов. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму минисірлігінің телеграм каналы хабарлады.
ОКҚ алаңында өткен брифингте баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Қазақстандағы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру жөнінде айтып берді.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары өткізілді. Шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделді.