Ruby Princess круиз лайнері Сиднейден кетті

Жарияланды
Лайнер коронавирустың өршуіне себеп болған

Австралияда коронавирус инфекциясының өршуіне себеп болған Ruby Princess круиз лайнері Сиднейден кетті. Бұл туралы мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

 

19 наурызда Ruby Princess лайнері Сиднейге келіп тоқтады, ал оның жолаушылары карантиндік тәртіпті сақтамастан, жағаға шығып кеткен. Австралиядағы коронавирус инфекциясын жұқтырған әрбір оныншы адам және вирустың кесірінен болған 20-дан астам өлім-жітім осы кемемен байланысты болуы мүмкін екен.

 

Сиднейден кеткен лайнер бортында экипаждың 300-ге жуық мүшесі қалды, қалған теңізшілер карантин мерзімі өткеннен кейін ұшақпен өз елдеріне оралды.

 

Сондай-ақ оқыңыз