Министр Атамқұлов бейне байланыс режимінде кеңес өткізді

Жарияланды
Ақтөбе мен Атыраудың көлік жолдарының құрылысы талқыланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бейне-конференциялық байланыс режимінде кеңес өткізді.

ҚР ИИДМ-де Ақтөбе және Атырау облыстарында автомобиль жолдары саласындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму минисірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Бұл бейне-конференцияға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев қатысты. Сондай-ақ, Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов пен «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліповте онлайн байланыста болды.  Жиын барысында «Қандыағаш – Мақат» және «Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» жолдарының реконструкциясы мәселелері талқыланды. Аталмыш жобалар жоғарыда аталған өңірлер мен елдің әлеуметтік жағдайын  жақсартуда үлкен маңызға ие.

Сондай-ақ оқыңыз