Полиция коронавируске экспресс тесттен өтіп жатыр
Коронавирустық инфекциянының алдың алу іс-шараларына қатысқан Ақтөбелік полиция қызметкерлері КВИ-ге экспресс тестілеуден өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ақтөбе облысында індетпен күрес шараларына белсенді қатысатын полицейлерге жедел тестілеу басталды. Тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, полицейлер облыс жолдарындағы блокпостарда қызмет атқарады.
Полиция қызметкерлері карантинге жабылған Ақтөбедегі кіреберістерді тәулік бойы күзетеді. Сонымен қатар, басқа азаматтармен пациенттердің қандай да бір байланысын болдырмау мақсатында қаланың провизорлық, карантиндік және инфекциялық госпитальдары құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршауда ұстайды.
Ақтөбе облысының ПД бас санитарлық дәрігері Әбдіғаппар Еңсеповтың айтуынша, КВИ-мен күрес шараларына қатысатын барлық полиция қызметкерлері экспресс тестері арқылы тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңда, 186 полиция қызметкері тестілеуден өтті, оның нәтижесі теріс болып шақты.
Қазіргі уақытта, Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері арасында КВИ жұқтырғандар анықталған жоқ. Полиция департаментіне жергілікті атқарушы органдардан 1000 тест берілді, жақын арада қосымша тест партиясы күтіледі. Экспресс тестілер арқылы КВИ пациенттерін анықтау карантиндік іс-шаралардың соңына дейін жалғасады.