Көліктік бақылау инспекторларына шабуыл жасағандарға қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму минисірлігінің телеграм каналы хабарлады.
Осы жылдың 15 сәуірінде орын алған жол-көлік бақылау постының мамандарына қарақшылық шабуыл жасау фактісі тіркелген. Көкшетау қаласының полиция Департаментімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталды. М/н E006TB72 Камаз 53205 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Ұсталған адамдарға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.